Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, білім беру ұйымдарында «Абай күнін» ресми және мазмұндық тұрғыдан 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні мерекесімен кіріктіре ұйымдастыру мақсатында «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» іс-шарасы N149 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.
Екі мерекені біріктіріп, бір тұтастықта өткізу – қоғамда рухани жаңғыру, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық тәрбиені нығайтудың маңызды тетігі, отбасы институтын ұлы ойшыл мұрасымен байытып, ұлттық тәрбие моделін дамытудың жаңа қадамы.
Іс-шарамыздың мақсаты — Абай мұрасын отбасы тәрбиесіне кіріктіру арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық болмыс пен отбасылық құндылықтарды ұштастыру, Абай Құнанбайұлының әдеби, философиялық және ағартушылық мұрасын кеңінен насихаттау.
Іс-шарада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69, №149 және №140 мектептердің білім алушылары өнер көрсетті.