“ Репродуктивті денсаулық” апталығы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығының іс- шара жоспарына сәйкес апталық ашылуы өткізілді. Жасөспірімдерге салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және ұрпақты болу жүйесімен байланысты аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық — ағарту жұмыстары жүргізілді.

🔰Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінің 12.05.2025 — 16.05.2025ж мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығы жоспарланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.
12- мамыр күні «Жыныстық тәрбиенің мәдениеті» тақырыбында 7 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Оқушы қыздар сұрақтарына жауаптар алып, тақырып талқыланды.
Күн тәртібінен түспейтін жеке гигиена мен тәрбие туралы да жақсы пікірлер айтылды.

“Нашақорлыққа жол жоқ! “

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.05.2025 ж күні жоспар бойынша «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» күніне орай «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 69 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында репродуктивті денсаулық апталығының іс- шара жоспары аясында “ Денсаулық жауапкершілік-менің қолымды” тақырыбында 13.05.2025 ж күні 5-сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *