Іс — шаралар

N69 жалпы орта білім беретін мектебінде, 22-қараша күні дәстүрлі мектепішілік ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылды. Байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және түрлі ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Байқау екі бағыт бойынша өткізілді:
Гуманитарлық бағыт – бұл бөлімде оқушылар әдебиет, тарих, тіл білімі және математика бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары ғылыми негізділігімен және жаңашылдығымен ерекшеленді. Әрбір жоба қоғамның маңызды мәселелерін шешуге бағытталған нақты идеялар мен ұсыныстарды қамтыды.
Бұл байқау оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Жеңімпаздар алдағы уақытта қалалық ғылыми жоба байқауларына қатысып, мектеп намысын қорғайтын болады.
Мұндай іс-шаралар білім алушыларға өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді және олардың ғылымға деген құштарлығын дамытып, болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдауға көмектеседі.