«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ » АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН 1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ

“Менің Отаным Қазақстан”, “Мектебім мейірім мекені” 1-11 сыныптарында бірыңғай тәрбие сағаттары

Шымкент қаласы, №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 3 қыркүйек күні 11- сынып оқушыларына, мектебіміздің директоры Б.Н.Карибаева, ДТІЖО В.Скендерова және педагог-психолог Г.Арыстанова мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТІЛДІ Шымкент қаласы N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 04 қыркүйек күні мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өтілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Скендерова, психолог Г.Арыстанова және Шымкент қаласы ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры А. А. Момбаев қатысты.

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» «ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ» Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Момбаев Алмас «Абайлаңыз,балалар!» жолда жүру ережелерін таныстырып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3 тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени — ағартушылық жобасын өткізу аясында қазақтың біртуар перзенті Т. Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына байланысты 5-қыркүйекте сағат 11.00де # 69 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тұрар Рысқұлов -тарихи тұлға» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу сәті өткізілді.
№69 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын бірлестігі ұйымдастыруымен 5-қыркүйек тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай. “А Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры” атты Қазақстан халқының тілдер мерекесінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді.Мектеп директоры Карибаева Бағила Нарбекқызы ұжым мен оқушыларды ҚР Тілдер мерекесімен құттықтап,алдағы онкүндік іс-шараға сәттілік тіледі.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінің шәкірттері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында барша қазақстандық оқушыларды мектеп формасын сақтауға шақырады. Шәкірттеріміз республика көлемінде өткізіліп отырған «Үлгілі сынып» челленджін зор құрметпен қабылдай отырып, ерекше ілтипатпен челленджді жалғастырады.
«БҰРЫМДЫ ҚЫЗ» челленджі. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 6 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында “Бұрымды қыз” челленджі оқушылар арасында ұйымдастырылды.
№69 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып жетекшісі Жусеева Ақерке Құрбанәліқы 1-«И» сынып оқушыларына жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында «Абайлаңыз балалар» атты тәрбие сағатын өтті.

09.09.2024 күні №69 жалпы орта білім беретін мектебінің 1″З» сынып оқушыларына Жолшиева Салтанат Зулпухарқызы » Жолда жүру ережесін білесің бе? » тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты балалардың мектепке келіп, кетуде жол ережесін сақтап жүру үшін жол белгілерімен таныстыру болды.

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ Аптаның дәйек сөзі: “ Жанұям — қорғаным, ата — анам -тірегім!” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 1-11 сыныптарда «Мен және менің отбасым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Шымкент қаласы N69 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып жетекшісі Қасымбекова Нәзипа Қасымбекқызы 4 «Ғ» сынып оқушыларына жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында «Жолда жүру ережесі» атты тәрбие сағатын өтті.
Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 09.09 күні 1”К» сыныбында “Абайлаңыз, балалар!”тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.09.2024ж. күні ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылдың 19-тамызындағы хатына сәйкес, 10-сынып оқушыларына өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуда тәрбиелік мәні бар біріңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.

“БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ, МҰҒАЛІМНІҢ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ” АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 12.09.2024 ж күні “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мұғалімнің және қоғамның ынтымақтастығы!” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

№69 жалпы орта білім беретін мектебі 5-қыркүйек тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай “А.Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры” атты Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне арналған айлық іс – шара жоспарын жасады. Жоспарға сәйкес 8-10 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р.Томарбай, Э.Сарсенбаева және Б.Кузенбаевалар “Ахмет Байтұрсынұлы — тіл туының тұғыры” тақырыбында эсселер байқауын өткізді. Мақсаты: қоғам қайраткері А.Байтұрсынов шығармаларын дәріптеу және сауаттылыққа баулу. Эссе жазу барысында үздік деп танылған оқушыларға I, II және III орындар берілді.

Білім кілті-кітапхана. #69 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 сыныптар кітапханамен таныстырылды.
”МЕНІҢ СЫНЫБЫМ БУЛИНГКЕ ҚАРСЫ” Шымкент қаласы N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 «А» оқушыларымен «Менің сыныбым буллингке қарсы! » республикалық челленджін ұйымдастырылды.
2024 жылдың 16 қыркүйегі күні мектебімізде «Үш тілде оқимыз. Читаем на трех языках. We read in three languages» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылған болатын. Информатика пәні бойынша да Г.Ботабаева «We read in three languages» тақырыбында сайыс сабақ өткізді.

БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН Аптаның дәйек сөзі: “ Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 1-11 сыныптарда «Буллингтен қорған» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС Шымкент қаласы N69 жалпы орта білім беретін мектебінде “Отбасым — мақтанашым ” атты отбасын күніне орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері “Парасатты отбасы” атты «Толағай» спорттық сайысын өткізді.

Шымкент қаласы №69 ЖОББМ де 2-сыныптар аралығында «Отбасы — кіші Отаным» тақырыбында ата-аналар мен оқушылардың бірлесе отырып сурет салу іс-шара өтті.
“МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ” ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБ. N69 жалпы орта білім беретін мектебінде “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында “ ДосболLIKE” буллингке қарсы бағдарламасы аясында 2024 жылдың 19 қыркүйек күні “ Менің мектебім буллингке қарсы ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.
«ОТБАСЫМ-МАҚТАНЫШЫМ” Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында «Отбасым — мақтанышым» акциясы бойынша 2 сынып оқушыларының әжелері келіп, отбасы мүшелерінің табысты тәжірибесімен алмасу және көрсету, тақырыбында ой бөлісіп ертегі айтып, ән- шашуларын жолдады.

Шымкент қаласы 69 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке бейімделуіне ата-аналар жиналысы жүргізілді. Жиналыста мектеп психологы Г.Арыстанова ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 9″В» сынып жетекшісі Г.Ботабаева 19.09.2024ж күні «Қауіпсіздік сағаты» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

ЕҢБЕК ТҮБІ — БЕРЕКЕ Аптаның дәйек сөзі: “ Еңбек жай ғана қызмет емес, адам болмасынын айнасы” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 1-11 сыныптарда «Еңбек түбі — береке» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде, 5-сыныптар арасында, «Жаяу жүргінші- назар аудар!» атты тақырыпта суреттер, плакаттар байқауы болып өтті.Оқушылар мадақтамалар мен марапатталды.

Шымкент қаласы 69жалпы орта білім беретін мектебінде 20 шы қыркүйек күні мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларына қыздар жиналсы өтілді. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасары Д. Жусипбаева мен психолог З.Тажибаева және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулжан қатысып оқушыларға мектеп ішінде және мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы сөз етті. Оқушыларға мектеп формасын сақтауға, мектеп ережелерін ұстануға ескертілді. Бөтел біреудің мүлкіне қол сұқпауға зорлық-зомбылық көрсетпеуге, әлеуметтік желіде, телефон көп ұстамау керектігі туралы ескертілді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Налибаева ЖанатАсқарбекқызы, Досымбекова Сәуле Шынабатқызы 9-сыныптар арасында «Тіл -татулық тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел пікірсайыс өткізді.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ- ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ”ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН ЖИНАЛЫС ӨТІЛДІ. №69 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласының білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 24.09.2024ж. №3-21-4/6493-И хатына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 27.09.2024ж. күні педагогикалық ұжымымен “Бала қауіпсіздігі -қоғам келешегі” деген тақырыпта мектепішілік жиналысы өткізілді.

ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ Аптаның дәйек сөзі: “ Ел жұртымның бақыты аталатын, сөнбесін мәңгі сенің, Отан атың” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 30 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 5-11 сыныптарда «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді

Шымкент каласы N69 жалпы орта білім беретін мектебінде 27.09.2023 ж куні Мектеп директоры Б.Н.Карибаева, ДТЖЖО В.Скендерова және Д.Жусипбаева Шымкент ҚПД ЮПБ полиция майоры А.Момбаевтың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына «Мектептің ішкі тәртіп» ережесі туралы жиналыс өтті.

№69 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы ата-аналар жиналысында мектеп психологы Г.Арыстанова Аутоагрессия,зорлық-зомбылық,Буллинг жайлы ата-аналарға видеоролик слайдтар көрсетілді.Қауыпсыз бала біздің келешегіміз.

Нашақорлық, зорлық- зомбылықтың және буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары №69 жалпы орта білім беретін мектетебінде. 01.10.2024 ж 8-11 сынып оқушыларына нашақорлық, зорлық- зомбылық және буллингтің алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полициямайоры А.А Момбаев нашақорлықтың жастар арасындағы нашақорлықтың, зорлық –зомбылықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелер айтылды

Шымкент қаласы, N69 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Республикалық «Даналық ұстаздан» челенджі ұйымдастырылды.
«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» 03.10.2024ж күні N69 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі, Шымкент қаласы прокуратурасы және Шымкент қаласы білім басқармасының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата-аналармен жиналыс болып өтті.

N69 жалпы орта білім беретін мектепте”Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздардарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебіміздің 8 сынып оқушылары «Ұстазым» әні орындалып Республикалық «Даналық ұстаздан» челенджі ұйымдастырылды.
Ұстаз -ұлы тұлға! №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай “Ұстаз-ұлы тұлға! ” атты мерекелік іс-шара өткізілді.

«ДУБЛЁР КҮНІ» №69 Жалпы орта білім беретін мектебі 4 — қазан ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ қарсаңында»Мектеп парламентті» және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен «ДУБЛЁР КҮНІН» өткізілді! Дублер күнінде мектеп директорының қызметін мектебіміздің президентті Стамкулов Елхан атқарды. Елхан мектебіміз директоры Бағила Нарбекқызының жұмыс барысымен танысып, мектеп сыныптары мен мектеп ауласын тексеріп, тазалығын бақылап, оқушылар жағдайымен танысып мектеп директоры қызметін атқарды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін мектебіміздің дебат клубының мүшесі Орынбаев Рамазан атқарды. Мектебіміз оқу ісі жөніндегі орынбасары Венера Скендерова өзінің жұмыс жоспары және жұмыс кестесімен таныстырды.

“БҰРТҰТАС ТӘРБИЕ” БАҒДАРЛАМАСЫ аясында “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” құндылығы №69 жалпы орта білім беретін мектепте бүгін, 09.10.2024 ж күні 5-11 сынып оқушылары арасында “БАЛА ҚҰҚЫҒЫ -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ” атты айлық іс-шара жоспар негізінде “ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ” тақырыбында мектеп инспекторының қатысуымен сынып сағаттары өтті.

«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» “Әкеме хат”, “Анама хат” хат жазу іс-шарасы. №69 ЖОББМ-те 10 қазан күні Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі, Шымкент қаласы прокуратурасы және Шымкент қаласы білім басқармасының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес сынып оқушылары басшылығында бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында жасөспірімдер арасында «Анама хат» «Әкеме хат» тақырыбында хат жазу шарасы өткізілді. Іс-шара мақсаты ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.Іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысты!

ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС” тақырыбында 5 сынып оқушылырына алдын алу іс-шарасы өткізілді.

РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ. РЕЙХСТАГҚА ТІГІЛГЕН ТУ №69 жалпы орта білім беретін мектебінде Халық хаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туған күні қарсаңында батыр атамыздың ерлікке толы даңқты жолын өскелең ұрпаққа насихсттау мақсатында сынып сағаттары өтілді
ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ АДАМ Аптаның дәйек сөзі: “Отанды сүю — отбасынан басталады” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 13 қазанның “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 5-11 сыныптарда «Цифрлы әлемде қауіпсіз адам» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Жасөспірімдер арасындағы суициальды мінез құлық және оны алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары №69 жалпы орта білім беретін мектетебінде. 15.10.2024 ж 8-11 сынып оқушыларына жасөспірімдеп арасындағы суициальбы мінез құлық және алдын алу, аутоагерессияның алдын алу, “Буллинг”, “ Кибербуллинг” туралы, әлеуметтік желілер мен зиянды сайттар, телеграмда, басқа сайттарда суицид ойындар көбейіп кеткен соны алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры А.А Момбаев “Буллинг” “ Кибербуллинг” туралы алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелер айтылды

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ 2024 жылдың 16 қазанда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебінде “ Бала құқығы-басты құндылық” айлық іс- шарасы бойынша Абай ауданы прокуратурасының бөлім бастығы прокурор Еркін Берік Ермаханұлы мен ПДО нарколог- дәрігер Мусаева Жанар Тулеуовнаның қатысуымен 9-10 сынып оқушыларына кездесу өткізілді. Кездесу барысында “Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында және олардың қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N69 жалпы орта білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 18 қазан күні ,, Өзін-өзі басқару» ұйымы мектеп пармаленті Президенттік сайлауын өткізді.Сайлауда ережелер толықтай сақталды,үміткерлер мақсатын,міндетін, ұранын, ұсыныстарымен толыққанды таныстырып өтті.Сайлауға 8-10 сынып оқушылары қатысты.Дауыс беру толық бақылауда болды,ұстаздар мен оқушылар өз таңдауларын жасады.Нәтижесінде жауапкершілігі мол мектеп болашағын рухани өркендетіп, дамуына өз үлсін қосатын үміткер таңдалды.69 ЖОББМ президенті 68 дауыспен Орынбаев Рамазан,президент орынбасары 37 дауыспен Қасынбек Нұрайлым болып сайланды!Басқа үміткерлер фракция мүшелері болып тағайындалды.

25 қазан — РЕСПУБЛИКА күні Аптаның дәйек сөзі: “Отаным — алтын бесігім!” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 21 қазанның “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде “Еңбегі адал, жас өрен” жобасы аясында 5-11 сыныптарда «25 қазан — Республика күні” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №69 ЖОББМ — де 2024-2025 оқу жылы жоспары негізінде, 25-қазан «Республика күні» мерекесіне орай, мектеп әкімшілігі және АӘТД пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жастарды отаншылдыққа, патриоттыққа баулу мақсатында 10-сыныптар арасында «Мен — өз Отанымның батыл қорғаушысымын!» атты әскери — патриоттық, спорттық сайыс өткізілді.

Адал азамат- Адал еңбек- Адал табыс Аптаның дәйек сөзі: “Әділдік пен жауапкершілік — біртұтас ұғым!” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 04 қараша күні “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде “Еңбегі адал, жас өрен” жобасы аясында 5-11 сыныптарда «Адал азамат — Адал еңбек — Адал табыс” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Шымкент қаласы #69 ЖОББМ Біртұтас тәрбие «Шабыт» жобасы аясында 3 сыныптар арасында 08.11.2024 орыс тілі пәні бойынша «Сказка о Царе Салтане» тақырыбында театрлық көрініс жүзеге асырылады.

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА — ТЕҢГЕ КҮНІ Аптаның дәйек сөзі “Тура биде туған жоқ” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 11 қараша күні “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 5-11 сыныптарда «Ұлттық валюта — теңге күні” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

№69 жалпы орта білім беретін мектебі. 14.11.2024 Патриоттық және қаһармандық сабағы: «Руслан Закиевтің ерлігі»! Тәрбие сағатының құндылығы: Отанға деген сүйіспеншілік,оған адалдықты,туған жерге бауырбасушылықты білдіреді.

№69 жалпы орта білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес, Өмірге салауатты қадам Өнегелі сабақ тақырыбында жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін жиналыс өткізілді.

Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Рахимова Назира Сенбиевна 19.11.2024 ж күні «Бір тұтас тәрбие » жоспары аясында 5 сыныптар арасында» Smart-Bala» атты сайыс сабақ өтті.Сайыс сабаққа ДТІЖО Жүсіпбаева Д, ДОІЖО Ибрагимова Г ұстаздарымыз қатысты. Сабақтың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлау және коммуникативті дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылардың әр түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін арттыру. Жаңа білім алуға, өз бетімен жұмыс істеуге және жаңа нәрселерді үйренуге ынталандыру. Топтық жұмысқа тарту арқылы олардың қарым- қатынас дағдыларын, ұйымшылдығын қалыптастыру.Сайыс барысында оқушылардың өз мүмкіндіктеріне сенімді болуын қалыптастыру, жеңіске деген ұмтылысын арттыру. Сабақ өз дәрежесінде өткізілді. Білімді, талантты шәкірттеріміз көп бола берсін!
БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН Аптаның дәйек сөзі “Жауапкершілік — адамгершілік қасиеттің көрінісі” №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қараша күні “Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары негізінде 1-11 сыныптарда «Буллингтен қорған” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

№69 жалпы орта білім беретін мектебінде 21.11.2024ж Абай АПБ ТБ бастығы полиция майоры Е. Кульбаев, мектеп директоры және мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен 9-11 сынып оқушылар арасында нашақорлықтың баяндама оқылып, видеороликтер көрсетілді

КҮЗ АРУЫ — 2024 №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының “Біртұтас тәрбие” жоспарына сәйкес, 22 қараша күні 5-7 сынып білім алушы қыздары арасында “Күз аруы — 2024” байқауы өтті.

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет” Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 25 қараша күні сынып сағаттар өтілді.
